Жалақы мәселесі бойынша «АМЗ» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өтті.

Жалақы мәселесі бойынша «АМЗ» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өтті.

2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде
«АМЗ» ЖШС жұмысшыларының ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айлары үшін жұмысшылардың төленбеген жалақы берешегі бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Кемалов тараптарды қабылдап, мәселені заңнама аясында шешу жолдарын түсіндірді.