🔹«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтті.

🔹«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтті.

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек – абырой, қауіпсіздік – қорған» атты мерекелік шара өтті.

Шараға қала әкімі аппаратының басшысы Мекен Үйсенов, бас директор Жанболат Саймаганбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Жаңаөзен қаласы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы С. Жәдігеров, басқарма және мердігер ұйым директорлары, өндірістік қауіпсіздік саласының мамандары қатысты.

«Таға» әуесқой театры «Еленбеген ескерту» қойылымын ұсынып, көрермендерге ой тастады. Қойылым барысында жұмыста бейқамдыққа жол бермей, барлығымыз ортақ тәртіпке бағынуымыз қажет екені қатаң ескертілді.

– Компания басшылығы үшін мұнайшының өмірі мен денсаулығы маңызды. Қауіпті аймаққа жататын өндірісте жарақат пен жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Бүгінгі шараның мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға атсалысуға шақыру, – деді Жанболат Амангелдіұлы.

Мереке соңында бір топ маманға қала әкімі, уәкілетті мемлекеттік орган басшысы және компанияның бас директорының Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы табысталды.