Ақтау қаласындағы «МАЭК» кәсіпорнында болған жазатайым оқиғаға байланысты

Ақтау қаласындағы «МАЭК» кәсіпорнында болған жазатайым оқиғаға байланысты

Ақтау қаласындағы «МАЭК» кәсіпорнында болған жазатайым оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті түсініктеме берді.

Департамент басшысының міндетін атқарушысы Б. Кемаловтың айтуынша, 2026 жылғы 23 сәуір күні таңертең өндірістік цехтардың бірінде екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметкерлер қышқыл айдайтын құбырды тазалау барысында сұйықтықтың кенеттен шашырауы салдарынан олардың беті мен көз аймағына зақым келген.

Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Аталған факт бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрбір жұмыс беруші мен қызметкердің басты міндеті.