28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстау облысында кең көлемді іс-шара өткізілді

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстау облысында кең көлемді іс-шара өткізілді

2026 жылғы 24 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бастамасымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған ірі ауқымды аймақтық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат төрағасы, Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, ірі және орта кәсіпорындардың басшылары, инвесторлар, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, өндірістік жарақаттану себептері, кәсіби тәуекелдерді басқару, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмысшылардың жауапкершілігі мәселелері жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында өңірде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласын дамытуға үлес қосқан қызметкерлерге арнайы марапаттар табысталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Осындай кең форматтағы кездесулерді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.