Кезекті өңірлік әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Кезекті өңірлік әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

2026 жылдың 21 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер және әлеуметтік әріптестер қатысты.

Отырыс барысында өңір кәсіпорындарындағы әлеуметтік-еңбек ахуалы қаралып, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлерді қысқарту, сондай-ақ жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері талқыланды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов қатысты.