
2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нің өңірлік өкілінің қатысуымен кездесу өткізді.
Аталған кездесу Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері мен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ филиалдарының қатысуымен өткен кеңес отырысының тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында өмірді сақтандырудың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, ұйымдар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың басшыларының байланыс деректері ұсынылды.
Қатысушылар мекемелер мен ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кездесу ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы уақытта өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және бірлескен кездесулер өткізу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.