Маңғыстау облысында жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптарының орындалуына мониторинг жүргізілді

Маңғыстау облысында жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптарының орындалуына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Заузанбай және А. Өтеген, сондай-ақ «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А.С. Сабырбаева бірлесіп бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге барды.

Аталған іс-шара барысында «Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіліп, кәсіпорындардың сақтандыру компанияларымен тиісті келісімшарттарының бар-жоғы анықталды.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, міндетті сақтандырудың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.