
2026 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде маңызды жиын өтті.
Департамент басшысының міндетін атқарушысы Б. Кемаловтың төрағалығымен өткен кеңесте ұжым мүшелері Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларды талқылады.
Кеңес барысында алдағы іс-шаралардың мазмұны мен форматы жан-жақты қарастырылып, әр бөлімге нақты міндеттер жүктелді.