
2026 жылғы 13 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингке қатысып, департаменттің жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Брифинг барысында өңірдегі еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қатынастарының өзекті мәселелері және оларды шешу бағытында атқарылып жатқан шаралар кеңінен қамтылды.