Әлеуметтік қорғау мен өндірістік қауіпсіздік – басты назарда

Әлеуметтік қорғау мен өндірістік қауіпсіздік – басты назарда

2026 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде маңызды кездесу өтті.

Кездесуге департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының жаңа басшысы А.С. Сабырбаева қатысты.

Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіздік және жазатайым оқиғаларды міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту және алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру бағыттарын қарастырды.