Әлеуметтік шиеленістің алдын алу бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ және «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ кәсіпорындарымен кездесу өткізілді.

Әлеуметтік шиеленістің алдын алу бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ және «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ кәсіпорындарымен кездесу өткізілді.

2026 жылғы 31 наурызда «QazaqGaz Aimaq» АҚ және «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ кәсіпорындарында еңбек қатынастарына байланысты әлеуметтік шиеленістің туындау қаупінің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ә.Ермұқанов, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының өкілі, сондай-ақ аталған кәсіпорындардың директорлары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары талқыланды.