
2026 жылдың 30 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне «ДУНАЙ ИНВЕСТ ГРУПП» ЖШС және «KAZECOBUILD» ЖШС қызметкерлерінен еңбек жағдайлары мен еңбек шарттарына қатысты ұжымдық шағым түсті.
Аталған шағымды қарау аясында Департамент басшысының міндетін атқарушы Кемалов Баурыжан Біләлұлы қатысуымен мекеме директорлары мен өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және туындаған мәселелерді заң аясында шешу жолдары қарастырылды.