«Bereke Transport Company» ЖШС ұжымдық арыз негізінде жұмыс кездесуі өтті.

«Bereke Transport Company» ЖШС ұжымдық арыз негізінде жұмыс кездесуі өтті.

2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде «Bereke Transport Company» ЖШС ұжымдық арыз негізінде жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Bereke Transport Company» ЖШС басшысылық құрамы, тапсырыс беруші «МУНАЙТЕЛЕКОМ» ЖШС басшылық құрамы, «МаңғыстауЭнергоМұнай» ЖШС басшылық құрамы, сондай-ақ Департамент басшысының міндетін атқарушы Кемалов Бауржан Біләлұлы және Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ермұқанов Әсет Әбілахатұлы қатысты.

Кездесу барысында еңбек ұжымындағы тұрақтылықты сақтау, туындаған мәселені заңнама талаптарына сәйкес және медиативтік тәртіпте шешу жолдары талқыланды. Тараптар өзара келісімге келу және жұмыскерлердің құқықтарын сақтау бағытында бірлескен шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мәселені кезең-кезеңімен шешу және әлеуметтік шиеленісті болдырмау бойынша нақты ұсыныстар айқындалды.