2026 жылғы ақпан айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

2026 жылғы ақпан айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы ақпан айындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардан түскен 296 өтінішті қарады, оның ішінде 286 - еңбек қатынастары мәселелері бойынша, 10 - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 34 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның барысында 23 бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • еңбек қатынастары бойынша – 22;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1.

Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмыс берушілерге 20 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 1,7 млн. теңгеге 5 әкімшілік айыппұл салынды.