
2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде еңбек дауы тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бірқатар кәсіпорын өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Сaspian food» ЖШС, «Трубремцентр» ЖШС, «Mangystau Oil Refining» ЖШС кәсіпорны бойынша банкроттық басқарушы Джумабаев И., «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС және «Мунайспецснабкомпани» ЖШС өкілдері қатысты.
Талқылау нәтижесінде тараптарға еңбек заңнамасының нормаларын қатаң сақтау, туындаған мәселелерді келіссөздер арқылы шешу, әлеуметтік әріптестікті нығайту және еңбек ұжымдарында тұрақтылықты сақтау бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.