
2026 жылғы 27 ақпанда Маңғыстау облысы әкімдігінде мұнай саласындағы әлеуметтік әріптесттік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі-мен онлайн форматта өтті.
Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы,
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Телегенов Нұрбол Абылайұлы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшы м.а. Кемалов Бауржан Билалович қатысты.
Кездесу барысында мұнай саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қатынастарын тұрақтандыру, өндірістік ахуалды сақтау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарын жүйелі түрде реттеу, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жұмысшылардың мүддесін қорғау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.