2026 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

2026 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы қаңтар айындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардан түскен 292 өтінішті қарады, оның ішінде 283 - еңбек қатынастары мәселелері бойынша, 9 - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 39 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның барысында 34 бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • еңбек қатынастары бойынша – 32;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2.

Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмыс берушілерге 22 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 2,9 млн. теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынды.

2026 жылғы қаңтар айында өндірісте 3 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 1 топтық жазатайым оқиға. Өліммен аяқталған оқиғаларға жол берілген жоқ.

Департамент қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.