Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша түсіндірме

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша түсіндірме

2026 жылғы 9 қаңтардағы № 257-VIII ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

 

Жұмыс берушінің әкімшілік жауаптылығына әкеп соғатын бұзушылықтар

ҚР Әқбт Кодексінің 98-бабына 1-1-тармақ қосылып, төмендегілер үшін жауапкершілік белгіленді:

  • еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
  • еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
  • еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу.

 

Айыппұл мөлшері

2026 жылғы 12 наурыздан бастап алғашқы құқық бұзушылық үшін айыппұл мөлшері:

  • лауазымды тұлғаларға – 30 АЕК;
  • шағын бизнес субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК;
  • орта бизнес субъектілеріне – 80 АЕК;
  • ірі бизнес субъектілеріне – 150 АЕК.

Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айыппұл мөлшері:

  • лауазымды тұлғаларға – 60 АЕК;
  • шағын бизнес субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – 80 АЕК;
  • орта бизнес субъектілеріне – 100 АЕК;
  • ірі бизнес субъектілеріне – 200 АЕК.

 

Көрсетілген әкімшілік жауапкершілік шаралары 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданылуға тиіс.