Жазғы сауықтыру ұйымының (бұдан әрі-ЖСҰ) басшысына арналған ұсынымдар.

Жазғы сауықтыру ұйымының (бұдан әрі-ЖСҰ) басшысына арналған ұсынымдар.

Егер сіз балалар лагерін ашуды жоспарласаңыз, ең алдымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі- СЭҚ) ресімдеуден бастаңыз. Бұл – заңнама талап ететін міндетті шарт қана емес, сонымен қатар ата-аналардың сеніміне негіз және ең бастысы – балалардың қауіпсіздігінің кепілі.

СЭҚ алу – кез келген балалар лагерін, әсіресе маусымдық лагерлерді іске қосу үшін міндетті шарт. Қорытындыда балалардың тұру, тамақтану және демалу жағдайлары санитариялық және эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетіні және олардың денсаулығына қауіп төндірмейтіні расталады.

          Іс жүзінде қолданылып жүрген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаса, лагерьдің қызметіне тыйым салынады.

Жазғы балалар демалысын ұйымдастыруды жоспарлаған кәсіпкерлер өтінішті электрондық форматта келесі порталдар арқылы бере алады: egov.kz немесе elicense.kz.

         Өтінішке келесі жағдайлардың қауіпсіздігін растайтын зертханалық зерттеулердің нәтижелері қоса тіркеледі: үй-жайлардағы микроклимат параметрлері; ауыз судың сапасы; бассейндер мен шомылатын орындардағы судың талдауы; топырақ пен құмның зерттелуі; табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі; санитариялық нормалармен реттелетін басқа да көрсеткіштер.

        Өтінішті қарау мерзімі — 13 жұмыс күніне дейін. Осы уақыт ішінде мамандар ұсынылған құжаттарды тексеріп, объектіге барып тексеру жүргізеді.

Барлық талаптар сақталған жағдайда, кәсіпкер оң қорытынды алады және балаларды қабылдауға дайындықты бастай алады.

        Егер бұзушылықтар анықталса, ескертулер тізімімен дәлелді бас тарту беріледі. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін өтінішті қайтадан беруге болады.

 ҰСЫНЫМДАР:

  1. Қызмет басталғанға дейін объектінің жазғы маусымға дайындығын қамтамасыз ету;
  1. Жатын корпустарды, қосалқы үй-жайларды жөндеуді, аумақты абаттандыруды және дезинсекциялық өңдеуді орындау;
  2. Инженерлік коммуникацияларға (сумен жабдықтау, су бұру, желдету, жарықтандыру), технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарына тексеру жүргізу;
  3. Азық-түлік өнімдері мен азық-түлік шикізатын сақтаудың температуралық режимін сақтауды тоңазытқыш жабдықтармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету;
  4. Тамақ өнімдерін арнайы автокөлікпен тасымалдауды жүргізу;
  5. Объектіні жиһазбен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету, төсек-орындарды камералық өңдеуді жүргізу, жуу және дезинфекциялау құралдарының қоры болуы;
  6. Дезинфекциялау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау;
  7. Жеке кір жуатын орын болмаған жағдайда, кір жуатын орынмен келісім-шарт жасасу;
  8. ЖСҰ үй-жайларында санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту;
  9. Ауыз су режимін ұйымдастыру, жауапты адамды бұйрықпен бекіту;
  10. Бар болса, жағажайды, су қоймасын шомылу маусымына дайындау, резервуардың түбін тазалау, шомылуға арналған су бетінің шекараларын анықтау, оларды жарқын, өзгермелі сигналдармен белгілеу. Штатты балаларды жүзуге үйрету бойынша нұсқаушылармен жасақтау;
  11. ЖСҰ білікті кадрларымен жасақтау, медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткені туралы деректері бар персоналмен, оның ішінде медицина қызметкерлерімен (дәрігер + орта медициналық персонал) қамтамасыз ету;
  12. ЖСҰ әкімшілігі мен медицина қызметкерлері балалардың сауығуына, ас блогының және сауықтыру мекемесінің басқа бөлімшелерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру;
  13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 жылғы № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес өндірістік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету;
  14. Қызмет басталар алдында объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (СЭҚ) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
  15. Рұқсат құжатынсыз (СЭҚ) ЖСҰ қызметіне тыйым салынады;