Маңғыстаулық жас химиктер халықаралық Менделеев олимпиадасында топ жарды
📚2025 жылғы 5–13 мамыр аралығында Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-Халықаралық Менделеев олимпиадасында Маңғыстау облысының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.
🥈🥉Байрақты білім додасына қатысқан үш оқушының екеуі күміс, біреуі қола медаль иеленді.
✨Күміс жүлдені “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қалдыбай Меңдіғали мен 11-сынып оқушысы Габдолла Райымбек еншілесе, қола медаль осы білім ордасының тағы бір 11-сынып оқушысы Умарбаев Нұрқожаға бұйырды.
🏆Сонымен қатар, Ақтау қаламындағы “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Мендіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.
🎉Биылғы олимпиадаға әлемнің 40 елінен іріктелген үздік оқушылар қатысып, білім мен біліктілігін үш кезеңде сынады: екі теориялық және бір практикалық тур. Бұл байқауға әр елден ұлттық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушылар ғана жолдама алды.
🏷️Менделеев олимпиадасына қатысу - 2025 жылдың 5–14 шілдесінде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Халықаралық химия олимпиадасына (IChO) ұлттық құраманы іріктеу мен дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
🎊Жүлдегер оқушыларды және оларды жарысқа дайындаған жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!