Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO-2025) халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленген Рамазан Бутантаевпен кездесті.

Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO-2025) халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленген Рамазан Бутантаевпен кездесті.
Бүгін, 5 мамыр күні Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO-2025) халықаралық олимпиадада алтын медаль иеленген Рамазан Бутантаевпен кездесті.
 
Кездесу барысында басқарма басшысы халықаралық деңгейде топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатқан Рамазанды жеңісімен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.
 
Шараға Рамазанның анасы Бутантаева Раушан Қарлыбайқызы мен оның олимпиадаға дайындаған жетекшісі, Мамандандырылған ІТ лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Магамедрасулова Аида Тагиқызы қатысты.
 
Еске сала кетейік, APLO-2025 байқауында 500-ге жуық қатысушы арасынан суырылып шыққан Рамазан абсолютті жеңімпаз атанып, Қытай, Корея, Жапония сынды елдердің үміткерлерінен озып, алтын медаль жеңіп алды.
 
Жетістіктері:
• 2023–2024 оқу жылында 8–11 сынып оқушыларына арналған лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы;
• 2023–2024 Қазақстандағы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына қатысып, Азияның үздік қатысушылары қатарына еніп, Алғыс хатпен марапатталды;
• 2023–2024 оқу жылында Түрікменстанның Аркадаг қаласында өткен математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері;
• 2024–2025 оқу жылында лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы;
• 2024–2025 оқу жылында Халықаралық Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының абсолютті жеңімпазы.
 
Рамазанның жетістігі – білім мен табандылықтың, мұғалім мен отбасының бірлескен еңбегінің жарқын нәтижесі.