«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Форт-Шевченко қаласында студенттер арасында үш күннен бері өтіп жатқан «Dalaskills» өңіраралық шеберлік чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті.
WorldSkills әлемдік қозғалысының стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған бұл шараға еліміздің 7 өңірінен 100-дей студент пен 70-тей жолбастаушы жетекшілері қатысты.
Чемпионат халықаралық стандартқа сай CIS жүйесі бойынша бағаланып, төмендегіше қорытындыланды:
«Халық ауыз әдебиеті» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль: Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенті Ерболатқызы Мадина марапатталды.
Күміс медаль: Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенті Әділбек Мадина;
Қола медаль: Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті Самурадова Ақнұр мен Бейнеу гуманитарлық колледжінің студенті Мырзабаев Еркебұлан;
«Үздік маман» медальоны: Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Нұрберген Кәусар;
«Домбырамен халық әнін айту» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль: Маңғыстау өнер колледжінің студенті Абдимажит Жансұлу;
Күміс медаль: Маңғыстау өнер колледжінің студенті Қаржаубай Диляра иеленді.
Қола медаль: Ақтөбе облысы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Омарова Азиза мен Избанова Амина;
«Үздік маман» медальоны: Түркістан облысы Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Сырлыбаев Бақдаулет
«Қазақтың би өнері» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль: Маңғыстау өнер коллежджінің суденттері;
«Үздік маман» медальонын: Ақтөбе облысы «Дүние» колледжінің және Түркістан облысы Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттер тобы;
«Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль: Түркістан облысы Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің студенті Жалолов Нұрдәулет;
Күміс медаль: Қарағанды облысы Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті Абдумажидов Нұрсұлтан және Жаңаөзен қызмет көрсету колледжінің студенті Өтешов Нұрсерік Нұрлыбекұлы марапатталады.
Қола медаль: Ақтөбе облысы Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенті Тілектес Жігер және Жамбыл облысы Жамбыл политехникалық колледжінің студенті Орынбасар Саян;
«Үздік маман» медальоны:
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті Юсупов Ерасыл және «Есенов колледжінің» студенті Серік Жарас;
«Киіз өнері» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль: Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Жамаладдин Жанарыс;
Күміс медаль: Батыс Қазақстан облысы Орал Сервис технологиялық колледжінің студенті Сағынғалиева Гүлназ және Жамбыл облысы Абай атындағы Жамбыл гумантиралық жоғары колледжінің студенті Орынбасар Назым;
Қола медаль: Жамбыл облысы Бетқайнар колледжінің студенті Кинхузова Фатима;
«Үздік маман» медальон:
Түпқараған гуманитарлық-кәсіпік колледжінің студенті Темірланқызы Ұлболсын;
«Былғары өнері» құзыреттілігі бойынша:
Алтын медаль:Жамбыл облысы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Ауесхан Дамира;
Күміс медаль: Қарағанды облысы Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті Жадыгеова Аяжан және Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Жаңғабай Айнұр;
Қола медаль: Ақтөбе облысы Дүние колледжінің студенті Андакулова Тамара;
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!