Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндерінен республикалық олимпиада өтті.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндерінен республикалық олимпиада өтті.
Ағымдағы жылдың 10-14 наурыз аралығында Ақтау қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндерінен 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті.
 
Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 300-ден аса оқушы қатысты.
 
Үш күнге созылған жарысқа облысымыздан 14 оқушы қатысып, оның 11-і жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, химия пәнінен 8 оқушы, ал информатика пәнінен 3 оқушы жеңімпаз болып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
 
Жеңімпаздар:
🥇І орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Қалдыбай Меңдіғали.
🥈ІІ орын - информатика пәні бойынша Жаңаөзен “Білім-инновация” лицейнің 11-сынып оқушысы Есболғанов Нұрлыбек;
🥈ІІ орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 9-сынып оқушысы Әбуғали Иса;
🥈ІІ орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Бүркіт Байтақ;
🥈ІІ орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Умарбаев Нұрқожа;
🥈ІІ орын - “Білім-инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Габдолла Райымбек;
🥉ІІІ орын - информатика пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Жалғас Ерасыл;
🥉ІІІ орын - информатика пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Максым Альмансур;
🥉ІІІ орын - информатика пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 9-сынып оқушысы Талипов Карим;
🥉ІІІ орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 9-сынып оқушысы Дарьябай Жандос;
🥉ІІІ орын - химия пәні бойынша “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Муса Сағынай.
 
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз.