ОБЪЯВЛЕНИЕ!

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

Маңғыстау облысының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды.

Конкурс «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі-Қағида).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары мынадай құжаттарды:

1) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды, мөрмен расталады және  Маңғыстау облысының білім басқармасына қағаз, электронды түрінде жолданады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 20 шілдеден 25 шілдеге дейін, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Электрондық түрдегі конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz  поштасына жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға қағаз түріндегі өтінімдер мына мекен-жайға жіберіледі: Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 3б шағын аудан 52 ғимарат.

Байланыс телефондары: 8/7292/ 571204, 571230.