Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды
Бүгін, 6 қараша күні Маңғыстау облысының өңірлік кадр резервінің өкілі Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
 
Жаңа басшы білім бөлімінің ұжымына және білім беру ұйымдарының басшыларына таныстырылды.
Ғани Құрманғалиев С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде білім алды.
 
​Еңбек жолын Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімінен бастады. Әр жылдары Жаңаөзен политехникалық колледжінде, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығында, Ақтау қаласының IT мектеп-лицейінде, Ақтау қаласының №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру мектебінде қызмет атқарды.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабының 3-2 тармағына сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» КММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.