«МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН»

«МЕНІҢ ОТАНЫМ– ҚАЗАҚСТАН»
Ағымдағы жылдың облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында біріңғай алғашқы сынып сағаттары өтті.
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, Отаның, туған жерін қорғай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мақсатында тәрбие сағаттар ұйыдастырылды.
Тәрбие сағаттарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Бірлік және Ынтымақ» құндылықтарына басты назар аударылды.
Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, сынып сағаттарында қауіпсіздік шаралары қамтылды.