Министр Алтын белгі үміткерлерімен кездесті

Министр Алтын белгі үміткерлерімен кездесті
Бүгін, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев еліміздің 2024 жылғы Алтын белгі үміткерлерімен бейнебайланыс арқылы кездесті.
 
Министр бітіруші түлектерді жаңалықтармен таныстырып, жастарға алдағы сындардан сүрінбей өтуге сәттілік тіледі.
 
Кездесуге Маңғыстау облысынан 155 үміткер қатысты.
 
Шара аясында өткен жылғы Алтын белгі иегерлері сөз алып, үміткерлермен мектептен кейінгі өмірлері жайында әңгіме өрбітті. Осы жылғы үміткерлер сөз сөйлеп, құрбы-құрдастарына сәттілік тіледі!!!