Нысаналы грант бойынша көрме жұмысы басталды

Нысаналы грант бойынша көрме жұмысы басталды
📣 Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін 2023 жылы облыс әкімдігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жол картасы бекітілді.
 
💥 Осыған сәйкес, а.ж. 13 мамыр күні еліміздің 43 жоғары оқу орындары өкілдерінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Р.Т. Емелбаев (Министр кеңесшісі), А. Абылайхан (комитет төрағасының орынбасары) қатысуымен кәсіби бағдар беру көрмесінің жұмысы басталды. Көрме жұмысы аясында мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен «Грант түрлері мен талапкер жол картасы» тақырыбында семинар өтті.
 
✅️ Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы Д. Жұмашева кіріспе сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ҰБТ, білім беру гранттары конкурстарына сәттілік тіледі.
 
💬 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төраға орынбасары Ақерке Абылайхан Батыс өңіріне бөлінген мақсатты гранттар бойынша ақпаратпен таныстырды.
 
✔️ Семинар барысында жастар арасында белгілі тренинг мамандары – профориентолог Жұманазар Айдос, «Tarih mektebi» негізін қалаушы Оразбек Әбсаттар, «Kzchemistry» негізін қалаушы Бауыржан Бақытжанұлы, «JOO High School» мектептер желісінің профориентаторы Асанов Диас заманауи форматта бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, қажетті ақпараттармен таныстырды.
 
✅️ Жоғары оқу орындары өкілдері мектеп түлектеріне қажетті ақпараттар беріп, сұрақтарға жауап берді.
 
✔️ Бүгінгі көрме жұмысына 3,5 мыңнан астам мектеп бітіруші түлектер қатысады.
Көрме жұмысы 14 мамыр күні осы бағытта Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жалғасады. Бұл күні көрме жұмысына 2,5 мыңнан астам мектеп бітіруші түлектер мен 1,5-ға жуық 10 сынып оқушылары қатысатын болады.
 
📣 Барлығы екі күнде (13-14 мамыр) 7 мыңнан астам 10-11 сынып оқушылары көрме жұмысына қамтылады.