1 сыныпқа қабылдау

1 сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
         ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын  балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.

Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы  арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.

Қажет құжаттар тізімі:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
  • 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
  • қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).

 Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.

Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі:

Биылғы жылғы 1 сыныпқа қабылдаудың басты ерекшілігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылғы 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес, лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған. 

Гимназиялар мен лицей сыныптарына өтініш беру 1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан, орын саны шектеулі болғандықтан, балаларын гимназиялар мен лицей сыныптарына беруді жоспарлаған ата-аналар, 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

  • Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау;
  • Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
  • Сынып-жинақталымының (комплектісінің) шамадан тыс толуы.

Жаңа оқу жылында 20 мыңға жуық оқушы қабылданады деп жоспарланды, оның 7 мыңнан астамы Ақтау қаласының мектептеріне қабылданады. Өткен оқу жылында 20 мың бала 1 сыныпқа қабылданған болатын. Соңғы күнге қалдырмай, балаларымызды мектепке қабылдауға
өтінішті беруді 1 сәуірден бастайық!

Білім басқармасының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ресми сайттарында, әлеуметтік желілердегі (фейсбук, инстаграмм) ресми парақшаларында, жауапты мамандар парақшаларында қосымша ақпараттар берілетін болады.

Қосымша ақпарат:

         Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау конкурсы туралы. 

Маңғыстау облысы бойынша 3 мамандандырылған мектеп бар. Олар: Ақтау қаласындағы Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Білім-инновация лицейі және Жаңаөзен қаласындағы Білім-инновация лицейі.

Осы мекемелерге 2024-2025 оқу жылына қабылдау конкурстық негізде жүреді.

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына үміткерлердің құжаттарын тіркеу ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуірі аралығында www.qabyldau.daryn.kz порталы арқылы жүргізілуде.

         Конкурс республикалық «Дарын» орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес өтетін болады.

         БИЛ мектептеріне конкурсты «Білім-инновация» халықаралық қоры өткізеді.

Облыстағы қалған барлық мекемелер 1 сыныпқа конкурс, емтихансыз қабылдайтын болады, 5 сыныптан және одан жоғары гимназия, лицей сыныптарына мектеп жарғысына сәйкес конкурстық негізде қабылдайды.

 

                    Маңғыстау облысының білім басқармасы