Білім басқармасының алқа мәжілісі өтті

Білім басқармасының алқа мәжілісі өтті

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні  Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім басқармасының басшысы Д. Жұмашеваның төрағалығымен білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісі өтті.

Отырысқа алқаның мүшелері, полиция, төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық департаменттерінің өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармасына бағынысты орталықтардың, оқу-әдістемелік орталықтар басшылары, балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру, арнайы білім беру  ұйымдарының басшылары қатысты.

Алқа отырысында білім беру ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы,  балалардың қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі мәселелері көтеріліп, Бейнеу ауданының білім саласы дамуы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы  Ш. Джаулыевтың баяндамасы тыңдалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларына білім беру ұйымдарында қаупсіздік шараларын күшейту, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігін алдын алу, білім алушылардың білім сапасын арттыруда тиісті шаралар ұйымдастыру және т.б. тапсырмалар берілді.