ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін таныстыру семинары өтті

ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін таныстыру семинары өтті
ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін таныстыру семинары өтті
2024 жылғы 13 наурызда Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен оқушыларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алудың ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін таныстыру бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.
Семинар барысында басқарманың бас маманы Айтбаева Айдана Ерланқызы аталған электронды порталда жұмыс жасау жолдарын таныстырды, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Осы бағыттағы семинарлар а.ж. 20 наурызға дейін өңірдің барлық мектептерінде педагогтарға түсіндіру мақсатында өткізілетін болады.
Осы оқу жылында 3 сыныптарға арналған орыс тілі және ағылшын тілі оқулықтарын пән мұғалімдері ETANDAU.GOV.KZ электронды порталында таңдайды.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.