2024 жылдың 7 ақпаны күні 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттері мен бейімділігін анықтау, олимпиадаға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өтуде:
📚Қазақстан тарихы;
📚Қазақ тілі мен әдебиеті;
📚Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
📚Орыс тілі мен әдебиеті;
📚Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;
📚Ағылшын тілі;
📚Математика;
📚Информатика;
📚География;
📚Физика;
📚Химия;
📚Биология.
Олимпиада екі күнге созылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!