Жоспардан тыс тәрбие бағытындағы қауымдастықтардың бірлескен отырысы өтті.

Мақсаты: “Прокурор бақылау/Прокурор тәрбиесі” пилоттық жобасы аясында жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау, талқылау және мамандарға көмек көрсету.
Отырысқа директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтердің облыстық қауымдастық мүшелері қатысты.
Жиналыс “Қарым-қатынас жарастығы” атты психологиялық жаттығумен басталды.
Негізгі бөлімде Маңғыстау облысының мектеп оқушыларын санаттарға бөлу туралы Меморандумының “Прокурор бақылау/Прокурор тәрбиесі” пилоттық жобасы аясында “Мектеп оқушыларымен арттерапия (отбасы, үй, ағаш) және Люшер әдісі бойынша іс-шаралар өткізу” талқыланды.
Отырыс соңы “Тәтті шоколад” тренингімен аяқталды.