Ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2024 жылдың
24- қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдасыруымен "Асық ойыны - ұлттық спорт түрлерінің әліппесі" тақырыбында Мұнайлы ауданы 3 жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық семинар болып өтті.
Семинарға Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының әдіскері
Қ. Испанов, Маңғыстау облыстық асық ату, бес асық федерациясының басшысы Ақмұрат Түгелбек, Мұнайлы ауданының дене тәрбиесі пәні бойынша әдіскері Қ.Озганбаев және Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарының мұғалімдері болып, 40-қа жуық адам қатысты.
Шара барысында асық ату, бес асық ойынының шеберлері И. Умаров, М. Дүзелбаев, Е. Медетов, А. Жаңбырбаев, М.Умирбеков, М. Усенов семинар қатысушыларына ұлттық ойынның қыр-сырларымен слайдтар арқылы егжей- тегжейлі таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, мектеп спорт залында қатысушылар арасында сайыстар ұйымдастырылып, өздерінің шеберліктерін шыңдады.
Семинар қатысушыларына Асық ату, бесық федерациясының атынан сертификаттар табысталатын болады.