Мектеп - жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімде болса, ұстанар бағыты - тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте.
1873 жылдан бері ел баласын оқытып, білім берген А.М.Горький мектебіне биыл 150 жыл.
Тарихы тереңде жатырған аудандағы жалғыз орыс тілді мектеп бүгінгі күні білім мен тәрбиені қатар алып келе жатыр.
Кеше мектептің 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Осы білім ошағында білім берген ұстаздар мен мектеп тарихы туралы жасақталған мұражайдың лентасы қиылды.
Сонымен бірге мектеп оқушылары физика, химия, биология, информатика пәндерінен түрлі тәжірибелер көрсетіп, қонақтарға тәжірибе жасалу жолдарын көрсетті. Мәселен, Информатика пәні бойынша роботтардың жұмысы, Химия пәні бойынша май шам, сабын жасау, Биология пәні бойынша адамның ішкі құрылыстарының жұмыс жасауына STEAM тақта арқылы сараптама, әртүрлі пәндердің ғылыми жұмыстары, Физика пәні бойынша STEM кабинетте лазерлік машинкамен жұмыс жасау, Математика пәнінен Geogebra бағдарламасының жұмыс жасауы, Технология пәні бойынша суреттер мен қолөнер бұйымдары және сазбалшықпен жұмыс жасау және "Тұлпар" әскери-туристтік клубының жұмыстары көрсетілді. Іс-шаралар мерекелік концертпен жалғасты.
Кеш қонақтары болып ардагер ұстаздар Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы, Гребеньков Николай Михайлович, дәрігер Бердаулетов Сүлеймен, Нурбосинов Нұрмұхан Атажанұлы, Петрова Галина Петровна, Аманова Зухра Акимжанқызы, Ибраева Роза Ибрайқызы, Нурбосинова Мәншүк Қайыржанқызы, Мадибаева Гулшат Сақтапқызы, Бекжанов Азат, Рамашева Гүлсім, Жолдыбаева Гүлнара Идирисқызы, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы, облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері және мектеп түлектері қатысты.
Мерейтойда мектеп мұғалімдері аудан, облыс әкімдерінің, білім басқармасының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.