Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!
Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 12 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Осыған байланысты, мектеп және колледждердегі 12 желтоқсан күнгі сабақ қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.
Өзгерістер қосымша хабарланатын болады.
Маңғыстау облысының білім басқармасы.