«Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ 130000, Маңғыстау облысы 130000, Ақтау қаласы, 3 «Б» шағын ауданы, 52 ғимарат, анықтама телефоны: 8(7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:
Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.
Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.
Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.
Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.
Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.
Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.
Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі; үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл болуы.
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика мен психология негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,
еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Жалпы орта білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Педагогикалық кеңесті басқарады.
Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.
Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.
Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.
Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
және жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Қосымша білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;
педагогика мен психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:
1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қаласы, 3 «Б» шағын ауданы, 52 ғимарат, 104 кабинет, телефон: 8 (7292) 571216.
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
|
Мемлекеттік білім беру |
Нысан
|
____________________________ |
__________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН
__________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_____________________________________________
___________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша
(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________
Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.
Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.
Тыйым салынған заттар:
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);
- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);
- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;
- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.
Келісемін ________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "____" ______________ ____________________
/қолы /