Республикалық «Үздік педагог-2023» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар республикалық кезеңге жіберілді

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №32687 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында ағымдағы жылғы 11-27 қыркүйек күндері аралығында республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Нәтижесінде төменде аталған педагогтер үздік деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне жіберілді:

  1. Мұхаммедова Гүлнар Қадырбайқызы – Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  2. Атаназаров Марат Әбубәкірұлы – Ақтау қаласы, №29 Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі;
  3. Қорғанбаева Ардақ Қуанышқызы – Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
  4. Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы – Жаңаөзен қаласы, Білім-инновация лицейінің математика пәні мұғалімі.

Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!