Республикалық бірыңғай тамыз кеңесі аясында өткен секциялық отырыстар білім беру ұйымдары басшыларына арналған жиналыспен жалғасты
Жиналысқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті М. Тыныбаева, білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, білім басқармасының қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталық басшылары, басқармаға бағынысты орталық басшылары, облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары, шақырылған қонақтар қатысты.
Жиналыста білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева оқу жылын қорытындылап, алға қойылған міндеттер туралы айтты.
Жиында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Б. Хайруллин білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оны жою, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жұмағұлов Президенттік жастар кадр резерві, Мұнайлы ауданы ауданы №1 жалпы білім беретін мектептің директоры А.Назарова мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибелері, Ақтау қаласы №24 бөбекжайдың меңгерушісі Б.Тилесова педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері, облыстық мектеп-интернатының директоры А. Нұржанова арнайы білім берудің ерекшеліктері, білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Ж.Сармурзина кәсіптік бағдар берудің жаңа форматтары және жұмысшы кәсіптерін дамыту туралы баяндады.
Сонымен қатар «Bilimland» ЖШС Bilimcentre жобасының менеджері А. Аққожа функционалдық сауаттылық деңгейін бағалау және арттыру шешімдері, «EduCon» компаниясының жоба бөлімінің басшысы Б.Есембеков сырттай бағалау және мониторинг қорытындысымен таныстырды.
Жиын соныңда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті М. Тыныбаева өңір педагогтеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапаттарын табыстады.