2023-2024 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы

2023-2024 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы

2023-2024 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы

         Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2023-2024 оқу жылында республика бойынша 88 204 мемлекеттік гранты бөлінді. Оның ішінде: бакалавриатта оқу үшін – 73 мың гранттан астам, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр.

         Өткен оқу жылында Маңғыстау облысы түлектеріне қосымша 6 мың нысаналы грант бөлінген болатын. Осы жылы да өңір мектептерінің түлектері үшін педагогика ғылымдары, жаратылыстану, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау, өңдеу және құрылыс өнеркәсібі мамандықтарына қосымша 1500 нысаналы білім беру гранты бөлінді. Колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері  нысаналы грант конкурсына қатыса алмайды, олардың жалпы конкурсқа қатысу мүмкіндіктері бар.

         Аталған нысаналы білім грантымен өңір түлектері еліміздің 42 жетекші жоғары оқу орындарында кәсіби білім алатын болады (Алматы, Астана қалалары, ШҚО, СҚО, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының ЖОО-ры).

         Облыстың биылғы мектеп бітіруші түлектері жалпы конкурсқа да, нысаналы грант конкурсына да қатыса алады. Алайда, бір бағытты таңдау міндетті. Яғни, нысаналы грант конкурсын таңдаған талапкер, осы бағыттағы жоғары оқу орындарын таңдайды. Кімде-кім жалпы конкурсқа қатысқысы келсе, нысаналы грант конкурсына қатыса алмайды.

         ҚР ҒжЖБ вице-министрі Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялық қызметінде өткен жиында мәлімдегендей, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау а.ж. 13-20 шілде аралығы, ал, грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін ұсыну жоспарланған. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. Оқуға түсушілер 18 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтетін ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін грант конкурсына ұсына алады.

         ЖОО-на шектік балл туралы:

     ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады.

  • «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл,
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл,
  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл;
  • ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл,
  • басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.
  • Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы. Яғни, ЖОО-ры өз шектік баллдарын жариялауға құқылы. Бұл деректер оқу орындарының веб сайттарында да қолжетімді. Толық ақпаратпен testcenter.kz сайтының «Жаңалықтар» айдарынан оқып танысуға болады.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым 7 шілде аралығында ЖОО-ға өтініш береді. Шығармашылық емтихан тапсыратын түлектер, өтініш беру уақытын өткізіп алмау сұралады!

Емтихандар 8-15 шілде аралығында дәстүрлі форматта, яғни, офлайн түрінде өтініш берген ЖОО-да өтеді.

Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықты таңдай алады.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ЖӘНЕ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» білім беру салаларына түсушілерге арналған АҚПАРАТ!
         «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар (психометриялық тестілеу) басталды. Бұл емтихандар 20 тамызға дейін ЖОО-да өткізіледі. Әрбір университет емтихан тапсыру күнін өздері белгілейді. Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

Отандық ЖОО-на оқуға түсу үшін талапкерлер:

  • жеке куәлік,
  • ҰБТ сертификатын;
  • 3х4 көлеміндегі фото,
  • орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом),
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек.
  • Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Кеңес беру және құжат қабылдау пункті туралы:

         А.ж. 5 - 20 шілде аралығында Ақтау қаласы, 28 шағынауданда орналасқан № 20 мектебінде талапкерлер үшін кеңес беру және құжат қабылдау  пункті жұмыс жасайтын болады. Оған нысаналы 1500 грантты бөліп отырған 42 ЖОО өкілдері шақырылды.

         ҰБТ-дан тиісті шекті баллды жинаған түлектер кеңес беру пунктіне келіп, нысаналы грант бойынша тиісті мәліметтерді ала алады.

Ескерту: ЖОО-ры өкілдерінің келу уақыттары жол ұзақтығына байланысты 5-12 шілде аралығында.

ЖБ-тен бөлінетін облыс әкімінің гранты туралы:

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы негізінде 2018 жылдан бері жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін  жергілікті бюджеттен білім беру гранттары бөлініп келеді.

          Алдағы оқу жылына жергілікті бюджеттен 175 грант бакалавр мамандықтарына бөлінді (Жалпы медицина - 165, өнер саласына - 10).

          А.ж.тамыз айында конкурс комиссиясының отырысы өткізіліп, грант иегерлері анықталатын болады. Яғни, құжат қабылдау – 5-10 тамыз аралығында, конкурс комиссиясының отырысы – 20 тамызға дейін өтетін болады, грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Аталған конкурс жөніндегі ақпараттар 10 шілдеге дейін Білім басқармасының интернет-ресурстарында хабарланады (басқарма сайты, фейсбук, инстаграмм желілерінде). Қазіргі таңда нормативтік құжаттары әзірленуде.

Маңғыстау облысының білім басқармасы

 

 

Мақсатты нысаналы грант бөлетін ЖОО тізімі 

  1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  2. "Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  3. "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  4. "Тұран-Астана" университеті" мекемесі;
  5. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  6. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  7. "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  8. "Сулейман Демирель атындағы университет" мекемесі;
  9. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" акционерлік қоғамы;
  10. "Нархоз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  11. "Алматы технологиялық университеті" акционерлік қоғамы;
  12. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  13. "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
  14. "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  15. "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы;
  16. "Тұран" университеті" мекемесі;
  17. "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамы;
  18. "Халықаралық бизнес университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  19. "Халықаралық білім беру корпорациясы" акционерлік қоғамы;
  20. "Логистика және көлік академиясы" акционерлік қоғамы;
  21. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы;
  22. "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  23. "Alikhan Bokeikhan University" білім мекемесі;
  24. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  25. "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  26. "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  27. "Қазақстан-Американдық еркін университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  28. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  29. "Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" акционерлік қоғамы;
  30. "Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті" мемлекеттік емес мекемесі;
  31. "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  32. "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  33. "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  34. "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
  35. "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  36. "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  37. "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  38. "Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  39. "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  40. "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  41. "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

 

 

1

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

2

"Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

3

"Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

4

"Тұран-Астана" университеті" мекемесі

 

5

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

6

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

7

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

8

"Сулейман Демирель атындағы университет" мекемесі

 

9

"Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" акционерлік қоғамы

 

10

"Нархоз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

11

"Алматы технологиялық университеті" акционерлік қоғамы

 

12

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

13

"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

14

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

15

"Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы

 

16

"Тұран" университеті" мекемесі

 

17

"Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" акционерлік қоғамы

 

18

"Халықаралық бизнес университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

19

"Халықаралық білім беру корпорациясы" акционерлік қоғамы;

 

20

"Логистика және көлік академиясы" акционерлік қоғамы;

 

21

"Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы

 

22

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы