Маңғыстауда балалар күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Маңғыстауда балалар күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді
Маңғыстау облысында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық акция аясында 100-ден астам іс-шара өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік білім басқармасының балалар құқықтарын қорғау, инклюзивті және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Шынар Байдуллаева хабарлады.
Спикердің айтуынша, аталған іс-шаралар 17 мамырда басталды. Балалар күніне арналар шаралар легі 17 маусымға дейін жалғасады. Ал науқан аясында іс-шаралар 8 бағытта өтеді.
- Науқан мақсаты балалар құқығы мен мүдделерін қорғау, бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттерін ояту. Сондай-ақ, бала болашағына назар аудару,жоспарлау, іс-әрекеттеріне жауапкершілікті арттыруды көздейді. Мәселен, бірінші бағыт «Балалық шақты қорғау қоғамы» деп аталады. Бұл бағыт бойынша қоғамдағы бала құқығы, отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша түрлі жобалар іске асырылады. Ал «Балалар бастауы» бағыты аясында жас буынның қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдер мен мектеп парламенті президенттерінің кездесулері ұйымдастырылады, - деді Шынар Байдуллаева.
Сонымен қатар, спикер мереке күні балалардың жүзіне күлкі ұялатып, бақыт сыйлау басты міндет екенін атап өтті. Сол себепті 1 маусым күні перинаталдық орталықтардағы аналар мен балаларға арнайы тәттілер тарату жоспарланған. Сондай-ақ, «Барлық бала бақытты болуға лайықты!», «Балалардың күлкісі - көркі,сәні әлемнің!», «Бала деген бір бақыт!», «Балаларға махаббатпен!», «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциялары, мерекелік шаралар барысында танымдық-тәрбиелік сағаттар, ертегілер қойылымдары, флешмобтар, мерекелік бағдарламалар өтеді. Мектеп оқушылары әлеуметтік желіде білім бөлімдері ұйымдастырған челендждерге қатыса алады. Балалар жарақаттануының, қауіпсіздігінің алдын алуда «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқаны, жаз мезгілінде өзін-өзі ұстау, жол жүру ережелерін сақтау бойынша вебинарлар өткізіледі. Бұл науқанның аясында құқық қорғау органдары және ата-аналар кеңесі мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 1-12 маусым аралығында рейдтік шаралар жүреді.
Брифинг барысында спикер ерекше мұқтаждығы бар балалар да назардан тыс қалмағанын айтты.