Қ Ұ Р М Е Т Т І М А Ң Ғ Ы С Т А У О Б Л Ы С Ы Н Ы Ң Т Ұ Р Ғ Ы Н Д А Р Ы !

Қ Ұ Р М Е Т Т І   М А Ң Ғ Ы С Т А У  О Б Л Ы С Ы Н Ы Ң  Т Ұ Р Ғ Ы Н Д А Р Ы !

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Сіздерді МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қолдану аясын кеңейту мақсатында өтетін мына РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРҒА қатысуға ШАҚЫРАДЫ және байқаулар ЕРЕЖЕЛЕРІН назарыңызға ұсынады.

 

  1. 18 жастан асқан этнос өкілдеріне арналған «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы

Республикалық акция қоса жалғанған Ереже жарияланғаннан бастап 2023 жылғы 4 тамызға дейін #менқазақшасөйлеймін2023 хэштегімен өткізіледі (Ереже қоса жалғанады).

  1. «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы» республикалық байқауы. Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус және т.б. салаларда) қызмет атқаратын, 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.

Республикалық байқау 2023 жылғы 25 тамызда өтеді.

Республикалық байқауға қатысу үшін берілетін өтінім және байқау материалдары 2023 жылғы 10 тамызға дейін Ережеде көрсетілген пошта мекенжайына жолдануы тиіс (Ереже қоса жалғанады).

  1. «Сауатты жарнама - тіл абыройы» республикалық байқауы

Байқауға жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлер, аудармашы мамандар және жарнама мәтінін түзетуге атсалысып жүрген азаматтар қатысады.

Байқау материалдары ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдау үшін 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін Облыстық білім басқармасына ұсынылуы тиіс (Байқау ережесі қоса жалғанады).

  1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы

Байқаудың қатысушылары: кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), телерадио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Қазақстан Республикасының басқа да азаматтары (Ереже қоса жалғанады).

Республикалық байқауға қатысу үшін берілетін өтінім және байқау материалдары 2023 жылғы 21 тамызға дейін Ережеде көрсетілген пошта мекенжайына жолдануы тиіс.  

СҰРАҚТАР БОЙЫНША Маңғыстау облысының білім басқармасына, сондай-ақ Білім берудің оқу-әдістемелік орталығына хабарласуыңызға болады.

ТЕЛЕФОНДАРЫ: 571229, 607776.

МЕКЕНЖАЙЫ: Ақтау қаласы 3б шағынаудан 52 ғимарат (2 қабат, 209 кабинет; 3 қабат 307 кабинет).   

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНДЕГІ осы байқауларға жауапты тұлғалардың байланыс нөмірлері қоса жалғанған Байқаулар ережелерінде көрсетілген.