Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2023 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқаша сипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Нысаналы индикатор

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар

(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

1.       

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу

Маңғыстау облысында кәмелет жасқа толмағандар арасында 2021 жылы аяқталған 5 суицид фактісі, 2022 жылы аяқталған 5 факті, аяқталмаған 1 факті тіркелген. Аймақтағы сарапшылар жасөспірімдердің психоэмоционалдық тұрақсыздығы салдарынан суицидтік мінез-құлық қаупіне көбірек ұшырайтындығын айтып отыр.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарында 266 педагог-психолог, оның ішінде 83 (31%) жас маман, 137 (51%) санатсыз педагог-психологтар жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш жалпы білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың кадр тұрақсыздығын және мамандардың тәжірибелерінің аздығын көрсетеді.

Бүгінде аталған суицидтік мінез-құлық қаупі бар «қауіп-қатер» тобына жататын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларға мультидисциплинарлы тобымен (жалпы тәжірибелі психотерапевт, дәрігер психиатр, психолог) уақытылы кеңес беруін қамтамасыз ету, еліміздегі тәжірибелі мамандардың қатысуымен білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың біліктілігін арттыру, сарапшы мамандарды тарта отырып аймақтағы педагог-психологтарға арналған әдістемелік құрал жасақтау, суицидтің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған кешенді дәрістер бағдарламасын ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

5 750

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысы бойынша 150 мектеп психологтарының  кәсіби біліктілігін арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:

1)         Суицидтік мінез-құлық қаупі бар «қауіп-қатер» тобына жататын кәмелетке толмағандарды анықтау құралы қалыптасады;

2)         Аймақта республикалық мамандардың қатысуымен мультидисциплинарлы топтың кеңес беруі пайда болады;

3)         Өңірдегі психолог-педагогтарға арналған интенсив курс жасақталады және жүзеге асырылады;

4)          «Үштік одақ: мектеп – ата-ана – оқушы» моделін пайдалану арқылы суицидтің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылады

 

2.       

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау

Аймақтағы білім беру саласының басым бағыттарының бірі - инклюзивті білім беруді дамыту болып табылады. Қазіргі таңда өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 85 дефектолог, 60 логопед, 86 педагог-ассистент маманы, арнайы білім беру ұйымдарында 36 логопед, 57 дефектолог маманы жұмыс жасайды. Алайда, білім беру ұйымдарының көпшілігінде инклюзивті білім беру моделі бойынша жұмыс істейтін мамандардың кәсіби қабілеттерін шыңдау қажеттілігі бар.

Бүгінде Маңғыстау облысында педагогтардың ерекше балалармен өзара іс-қимыл жасауы үшін коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, өңір педагогтеріне еліміздегі инклюзивті білім беруді енгізудің үздік тәжірибелерін таныстыру, дефектолог және логопед мамандарының біліктілігін арттыру, бейімделген спорт бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдерін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға сұраныс бар.

10 350

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысындағы инклюзивті білім беру саласындағы 100 педагог, 80 дефектолог, 50 логопед, 30 педагог-ассистент мамандарының  кәсіби біліктілігін арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:

1)         Инклюзивті білім беру бойынша өңір педагогтары үшін 3 күндік семинар ұйымдастырылады;

2)         Өңірдегі логопед-дефектолог мамандар АВА терапиясы бойынша оқудан өтеді;

3)         Аймақтың дене шынықтыру мұғалімдері бейімделген спорт бойынша тренингтерден өтеді;

4)         Өңір педагогтеріне еліміздегі инклюзивті білім беруді енгізудің үздік тәжірибелерін таныстырылады.

 

3.      

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы  даярлауды қамтамасыз ету

Аймақта өткен жылы білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі басталды. Педагогтардың кәсіби өсуінен бастап жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Аталған жұмыстардың келесі межесі -бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы  даярлауды қамтамасыз ету болып отыр. Аталған міндетті орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтардың құзыреттілігін арттыру, пәндік әдістемелік бірлестіктің жұмыстары жүйелендіру бойынша кешенді шараларды қолға алу қажет.

Сонымен қатар, отандық сарапшы мамандарды тарта отырып педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтырылығын қамтамасыз ету бойынша оқыту курстарын ұйымдастырып, білім беру саласындағы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған инновациялық шешімдерді қабылдау қажет.

10 350

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысы бойынша 250 мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру. Жанама қамту – 500 адам.

 

Күтілетін нәтиже:

1)         педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтырылығын қамтамасыз ету бойынша оқыту курстары (кемінде 5 компонентті) ұйымдастырылады;

2)         Білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған екі күндік оқыту шаралары ұйымдастырылады;

3)         Оқыту мен тәрбиелеудегі үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелер жинағы дайындалады (қазақ және орыс тілдерінде кемінде 100 дана)

4)         Білім беру саласындағы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кемінде 5 іс-шара ұйымдастырылады.

 

4.      

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Білім алушыларға (мектептің 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің студенттері) әскери-патриоттық тәрбие беру

Жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбие теориясын және практикасын меңгеруі, Отанды қорғау және еліміздің Қарулы күштерінде адал борыштарын өтеу, оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуы – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық ұжымының аса маңызды бір міндеті болып табылады.

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы құрылған болатын. Бүгінде қозғалыстың тиімділігін арттыру, жұмыс жүйесін бірыңғайландыру, әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстар, әскери-патриоттық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру, жасөспірімдерге арналған әскери оқытулардың тың әдістерін пайдалану бойынша кешенді жұмыс жүргізілуі қажет.

Сонымен қатар, аймақтағы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселесі де өзекті.

6 000

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикаторлар:

Білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жобасын жүзеге асыру арқылы тікелей қамту – 5000 адам

 

Күтілетін нәтиже:

 

1)         Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қызметі жанданады;

2)         Маңғыстау облысындағы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне арналған оқыту шаралары ұйымдастырылады;

3)         Өңірдегі жасөспірімдерге арналған әскери оқытулардың тың әдістері пайда болады

 

5.      

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерге тәрбиелеу

Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу қажеттілігі туралы мәселе өткір тұр. Бұл соңғы жылдары алғашқы жыныстық қатынасқа түсу жасының төмендеуіне байланысты болып отыр.

Аталған мәселені шешу үшін өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрге тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтауға қатысты нақты іс-шаралар қолға алынуы қажет. Еліміздегі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, профилактикалық және ағартушылық жұмыстарын жүйелендіру керек.

Сонымен қатар, жалпы білім беру мекемелерінің мейірбикелері үшін кәмелетке толмаған қыздарда ерте жүктіліктің алдын  алу бағдарламасын әзірлеу сұранысы артып келеді. 

 6 000

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

Жобаға қатысу арқылы тікелей қамту – 3000 адам (13-17 жас арылығындағы оқушылар), жанама қамту – 2000 адам.

 

Күтілетін нәтиже:

1)         мектеп педагогтері мен ата-аналарға балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау негіздері туралы интерактивті дәрістер өткізіледі;

2)         9-11 сынып оқушыларымен және колледждердің 1 курс оқушыларымен өздерінің репродуктивті денсаулығын сақтау, гигиена, дұрыс тамақтану, физиология негіздері, қарым-қатынас психологиясы, гормоналды өзгерістер бойынша дәріс-тренингтер өткізіледі;

3)         жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулығын сақтау негіздері бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізіледі;

4)         Дәрігерлермен және психологтардың қатысуымен жасөспірімдерге жеке консультациялар ұйымдастырылады;

5)         Әр ауданда кемінде 300 оқушының қатысуымен кемінде 10 кездесу ұйымдастырылады;

6)         жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулығын сақтау кешенді ақпараттық жұмыс жолға қойылады.

 

6.      

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Жас мамандарды жобаларды басқаруға үйрету

Қазіргі таңда өңірдегі білім беру саласындағы жас кадрлар үшін оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі бойынша көп компонентті оқу модулін жасақтау бойынша сұраныс артып келеді. 

Сонымен қатар, білім беру саласындағы әлеуетті жас басқарушылар үшін менеджменттің маңызды дағдыларын қалыптастыру арқылы кадрлық резерв жасақталуы тиіс.

7 000

Қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

Өңірдегі 100 жас маманның өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша құзыреттілігін арттыру

 

Күтілетін нәтиже:

1)         Аймақта білім беру саласындағы жас мамандарға арналған көп компонентті (көшбасшылық, менеджмент, жобалық басқару және т.б.) оқу моделі жасақталады және жүзеге асырылады;

2)         Білім беру саласындағы жас мамандар кеңесінің жұмысы жолға қойылады;

3)         Жас мамандарға арналған қоғамдық-мәдени, зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылады;

4)         Әлеуетті жас басқарушыларға арналған тәжірибе алмасу шаралары қолға алынып, кадрлық резерв жасақталады.

 

7.      

Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Жасөспірімдердің қоршаған ортаны қорғаудағы, пайдаланудағы шығармашылық және зияткерлік әлеуметтің төмендегінің алдын алу

 

Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру ұйымдарының алдында білім алушылар арасында қоршаған ортаны қорғау түсінігін қалыптастыру және экологиялық мәдениеттің маңыздылығын арттыру мақсаты тұр.

Аймақтағы «Жасыл мектебім - жасыл мекенім» жобасы білім беру ұйымдарына енгізіліп, ағаш отырғызу, жылыжайлар салу жұмыстары қолға алынғанымен, білім беру ұйымдарындағы жылыжайлардың қалыпты жұмыс жасауы және білім алушылардың зертханалық жұмыстар жүргізуге қатысуы жолға қойылмаған.

Қазіргі таңда жасөспірімдердің экологиялық мәдениеттілігін жетілдіре отырып, баланың табиғатқа деген көзқарасы мен күнделікті экоәдеттерін дамыту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынуы қажет.

4 550

 

Нысаналы индикатор:

Маңғыстау облысындағы білім алушылардың 10%-ын экологиялық мәдениетке баулу

 

Күтілетін нәтиже:

 

1)         Өңірдегі білім алушылардың зертханалық жұмыстар жүргізуге қатысуы артады;

2)         Жасөспірімдердің арасында экоәдеттерді қалыптастыру бойынша инновациялық әдіс пайда болады;

3)         Аймақта жас экологтардың пулы қалыптасады;

4)         Жасөспірімдердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылады;

5)         Білім беру ұйымдарына арналған тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық жасақталды

 

 

 

Барлығы

 

 

50 000