«Үздік бағдарлама – 2022» облыстық байқауы

«Үздік бағдарлама – 2022» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 24 қараша күні  Ақтау қаласы «№13 гимназиясы» базасында жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен «Туризм», «Өлкетану», және «Экология» үйірмелерінің жетекшілерінің арасында заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және көпшілікке тарату, үздік педагогикалық идеялар мен практикаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, «Үздік бағдарлама2022» облыстық байқауы өткізілді.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 18 педагог қатысты.

Ережеге сәйкес қатысушылар «Үздік әдістемелік жұмыс», «Үздік педагогикалық жоба» номинацияларында – білім беру ұйымдарында  туризм, өлкетану, және экология бағытында балалар ұжымы, ата-аналар қауымдастығы, кітапханадағы және мектеп музейлеріндегі өлкетану жобалары,үйірме жетекшілеріне арналған әдістемелік әзірлемелер, әдістемелік ұсынымдар және дәстүрлі, дәстүрлі емес  ашық сабақтар өткізу бойынша  жасақталған нұсқаулық,бағдарламаларымен таныстырып, озық    іс-тәжірибелерін ұсынды.

Сонымен қатар, «Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат маршруттар» номинациясы  бойынша туған өлкенің тарихи – мәдени орындары және табиғи ескерткіштеріне  баруға арналған жорық, экспедиция, саяхаттарының маршруттық бағдарламаларын жасақтау арқылы  бейнероликтерін  қорғап, қосымша сұрақтарға жауап берді.

«Үздік бағдарлама – 2022» облыстық байқауының қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

«Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша:

I орын – Кадирханов Нұрбол Оңғарұлы – Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»;

II орын - Мусан Анар – Түпқараған ауданы, «М.Әбдіхалықов атындағы мектеп - гимназия»;

II орын - Молдыбаева Асемгул Бибергенқызы – Қарақия ауданы, «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»;

III орын - Ерсайынова Шолпан Талғатқызы – Түпқараған ауданы, «Сайын Шапағатов мектеп – гимназиясы»;

«Үздік педагогикалық жоба» номинациясы бойынша:

I орын - Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна – Ақтау қаласы, «№13 гимназиясы»;

II орын – Досекен Нұрберген – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп-лицейі»;

II орын - Генжегулова Улдай Аманкуловна – Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»

III орын - Лесқалиев Олжас Асанұлы – Түпқараған ауданы, «М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы».

«Үздік туристік жорықтар мен экспедициялар, саяхат, маршруттар» номинациясы бойынша:

I орын - Қалапбаев Мади Абенұлы – Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беретін мектебі»;

II орын - Сулейменова Айымгүл Сулейменқызы – Қарақия ауданы, «№11 жалпы білім беретін мектебі»;

III орын - Диаров Гиззат Асхатович –  «Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейі»; 

III орын - Мұстафин Алқабек Алтынбекұлы – Маңғыстау ауданы, «Шетпе гимназиясы».

Көрсеткен жеке жетістіктері үшін:

Сарсенгалыева Камшат Карасаевна – Жаңаөзен қаласы, «№13 Дарын-мектеп-лицейі»;

Бекмукашева Малика Бейнеу ауданы, «Боранқұл жалпы білім беретін мектебі»;

Кулбаракова Фариза Киынгалиевна – Маңғыстау ауданы, «С.Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернаты»;

Есиркепова Акалтын Аманбаевна – Ақтау қаласы, «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі»;

Токеева Айзада Жалғасқызы – Бейнеу ауданы, «Бейнеу жалпы білім беретін мектебі»;

Умарбаева Асем Ахметовна – Ақтау қаласы, «№12 жалпы білім беретін мектебі».

Барлық қатысушылар білім басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды.

 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/yNv9AlIoDp8"></iframe> бейне үзінді

 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/U-FTmKhR6k8"></iframe> марапат жеңімпаздары