Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Туристік күз – 2022» туристік слеті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Туристік күз – 2022» туристік слеті

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 16-17 қараша күндері жастар арасында туристік-спорттық білім мен дайындықты дамыту, туристік көпсайысты насихаттау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Туристік күз – 2022» облыстық слеті ұйымдастырылды. Туристік слет «Балдаурен» демалыс базасы және Маңғыстау туризм колледжінде өткізілді.        

Слетке 7 техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 42 студент қатысты.

Ережеге сәйкес слеттің бірінші күні қатысушылар өз тобын таныстырып, одан әрі «Бағдарлау» номинациясында карта-схемада  белгіленген бақылау пункттерін тауып, «Жүзден жүйрік» эстафеталық кезеңінде жасанды кедергілерден өтті.

«Біріктірілген туризм» номинациясында «Аспалы өткел», «Параллель сүйеніштер», «Қаз-қатар қадамдау», «Алау жағу», «Траверс», «Бурелом», «Маятник» кезеңдерінде өз дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.

Қатысушылардың тәжірибелік және спорттық дайындықтары зерделеніп, нәтижесінде:

I орынды – Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Ақкетік» тобы;

II орынды – Ақтау қаласы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің «Болашақ» және Ақтау қаласы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Qazaq team» топтары;

III орынды – Ақтау қаласы, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің «Алау» және Бейнеу ауданы, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Жалын» тобы иеленді.

Сонымен қатар, көрсеткен жеке жетістіктері үшін:

Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенті Айткенұлы Заңғар;

Ақтау қаласы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің II курс студенті Таджибаева Амина;

Ақтау қаласы, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің I курс студенті Төребеков Дамир;

Бейнеу ауданы, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің III курс студенті Серікбайұлы Мұрат;

Қарақия ауданы, Қарақия кәсіптік колледжінің II курс студенті Довлетмуратов Бақытжан;

Ақтау қаласы, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің II курс студенті Нуралыхан Ырысбек орталықтың дипломдарымен марапатталды.