ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысының білім басқармасы Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – арнайы бағдарлама)  педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысының білім басқармасы Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – арнайы бағдарлама)  педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Құрметті педагогтар, жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектері!

         Маңғыстау облысының білім басқармасы Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – арнайы бағдарлама)  педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.  Құжаттар ағымдағы жылдың 04 қазанына дейін қабылданады.

Кадр тапшылығының басым көпшілігі мына пән мұғалімдері:

Орыс сыныптарға арналған математика, орыс сыныптарға арналған бастауыш сынып мұғалімі, орыс сыныптарға арналған физика, орыс сыныптарға арналған тарих,  орыс сыныптарға арналған химия, орыс сыныптарға арналған география, орыс сыныптарға арналған информатика, орыс сыныптарға арналған биология.

Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндер бойынша жоғары педагогикалық, кәсіптік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"біліктілік санаттары бар Қазақстан Республикасының педагогтері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері қатыса алады. (гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес түлектері)

         Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды жіберуі қажет:

  1. Өтініш (Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

4) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектеріне арналған Білім туралы құжаттың көшірмесі немесе транскрипт (Transcript);

5) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;

6) фотосуреті бар түйіндеме;

7) педагогтерге арналған білімі мен біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

8) Электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі фотосурет;;

9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

10) қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіби жетістіктер мен жарияланымдар және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).

 Құжаттар mangistau.konkurs@bk.ru  электронды мекенжайына жіберіледі.

Call-орталықтың телефоны: 8(7292)571216; 87477280290.