Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымына конкурс жариялайды.

«Маңғыстау облысы  білім басқармасы» ММ 130000,  Ақтау қ, 3 б ш/а, 52, анықтама телефоны: 8 (7292) 571216, электрондық мекенжайы: bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz 15.09.2022 ж. Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларының бос азаматтық лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. "А" блогы.

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 23 «Ақмоншақ» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 шағынаудан, 33 ғимарат, телефон: 8(7292) 514287;
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9 шағынаудан, 31 ғимарат, телефон: 8(7292) 609565;
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 44 «Шаттық» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 27 шағынаулан, 14 ғимарат, телефон: 8(7292) 411099;
  4. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағынаудан, 2/1 ғимарат, телефон: 8(7292) 507442;
  5. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 1 шағынаудан, 36 ғимарат, телефон: 8(7292) 507179;
  6. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000  Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,9 шағын аудан, 27 ғимарат, телефон: 8(7292) 42-16-56;
  7. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «IT мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 31 ғимарат, телефон: 8(7292) 432805;
  8. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 27 шағынаудан, 50 ғимарат, телефон: 8(7292) 41-23-38;
  9. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 28 шағынаудан,42 ғимарат, телефон: 8(7292) 40-42-80;
  10. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Шығыс 1 шағынауданы, 149/1 құрылыс, телефон: 8(7292) 432805;
  11. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 181 841 теңгеден 218 973 теңгеге дейін. Мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 1 шағынаудан, 36 ғимарат, телефон: 8(7292) 507179;

Конкурсты өткізу орны: Ақтау  қаласы, 3 б ш/а,  52.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өтеді.

Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

         Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

          Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

          Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

          Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

          Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

          Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

          Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

          Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

          Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

          Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

          Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

          Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

          Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

          Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

          Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл болуы.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика мен психология негіздерін;

          мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

          педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

          экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

          еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

         Жалпы орта білім беру ұйымының басшысының функционалдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

         Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

      және жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

         Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық  

     құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020

    жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу  

    құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша

    денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)  наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)  біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) кызмет көрсету кеңсесі Ақтау қ,  3 б ш/а, 52  ғимарат, кабинет 104, телефон:  8 (7292) 571216,.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

       __________________________________________________

       кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

       __________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _____________________________________________

       ___________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

     Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

       (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

       бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

       Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

      (лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

      Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

      Конкурс қағидаларымен таныстым:

      Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

      Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

       Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

       Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

       Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

       Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

       Тыйым салынған заттар:

      - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод),iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

      - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

     -радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

      - сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

      - шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      - калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

       Келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

       Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

       20___жылғы "____" ______________ ____________________

      /қолы /