Х  А  Б  А  Р  Л  А  Н  Д  Ы  Р  У! ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!!

Х  А  Б  А  Р  Л  А  Н  Д  Ы  Р  У! ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!!

Х  А  Б  А  Р  Л  А  Н  Д  Ы  Р  У 

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!!

 

Сіздерді ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ  150 ЖЫЛДЫҒЫ ҚҰРМЕТІНЕ ҚР ҒжЖБМ Тіл саясаты комитетінің  ұйымдастыруымен өтіп жатқан ЧЕЛЛЕНДЖГЕ қатысуға шақырамыз.

ЧЕЛЛЕНДЖДІҢ МАЗМҰНЫ: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ  шығармаларынан үзінділер мен мерейтойлық логотипті, сондай-ақ бейнеэффектілер мен инфографикаларды қолдану (қанатты сөздері мен мерейтой логотипі төмендегі файлдарда берілді).                                                

ТАҚЫРЫБЫ: «ҰЛТ ҰСТАЗЫМЕН ҮНДЕСУ».

ХЭШТЕГТЕР: //AHMETBAYTURSUNULIKAZAKHSTANMANGYSTAU //AHMETBAYTURSUNULI150MANGYSTAU //AHMETBAYTURSUNULI2022MANGYSTAU

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР: әлеуметтік желілер (Facebook, Инстаграм, т.б.), бейнехостингтер (YouTube, KazTube, т.б.), мессенджерлер (WhatsApp, Telegram, т.б.).

 

ІЗДЕНІСПЕН, БЕЛСЕНДІ, БІРГЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ !!!

 

Құрметпен,

                                                                                                                                                                             ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

 

 

 

Қосымша

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

 

1. Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы.

2. Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

3. Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұғым жүйесі даналық деп аталады.

4. Түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта.

5. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

6. Ғылым, өнер артылған сайын дүниеде бейнет кемімекші.

 7. Қазақтың бас адамдары! Əуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.

 8. Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек.

 9. Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

 10. Ынта тек ынта күйінде ғана құмарлық, әуестік күйінде қалмай, іске айналса ғана мақсатты қайраттан туған ғамал болады.

11. Өткен – өтті, іздегенмен таптырмайды, қуғанмен жеткізбейді. Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс.

12. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы.

13. Мінез іштен туады. Бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады.

 14. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төңірек.

 15. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл.

16. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

17. Сөзбен үйреніп, сөз жүзіндегі іске шебер болуға болады, бірақ тіршілік ісі жалғыз сөз жүзінде емес. Сөзге қарамайтын тіршілік істері толып жатыр. Ол істерге істеп, үйреніп, шебер болмаса, сөзбен үйреніп шебер бола алмайды.

18. Біз мәдениетті, өнерлі болуға талпынсақ, мақсатқа сонда жетеміз, сонда дайын нәрсеге қызығатұн болмай, барды ұқсатып, жоқты табатұн боламыз.

19. Қазіргі мәдениет бір ұлттың немесе нәсілдің ғана жасағаны емес, ол барлық адамзаттың еңбегі мен дағдысының жемісі.

20. Кешірімді жамандық – тек білмегендіктен болатын жамандық. Кешірімсіз жамандық – тек біле тұра істелетін жамандық.

 21. Көңіл ырза болмаудан наразылық туады.

22. Әр ақынның өз адамшылық үлгісі де болады.

23. Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

24. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих.

 25. Тіршілік ғамалы – заманның заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген, көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдарымен танысу.

 26. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын айып көрмейді, адамдық деп біледі.

27. Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас.

 28. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіне бөгет болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер. Олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде.

29. Көңіліміз тілегенмен қолымыз жетпейді. Іске жалғыз көңіл емес, қол да керек.

30. Тіл – тіршілік құралы. Тіл үйрету – сөздер сол тіршілік құралын жұмсауды үйрету. Олай болса, тіл үйрету өнері тұрмыс өнері болмақ.