Құрметті педагогтар, жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектері!

Құрметті педагогтар, жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектері!

Құрметті педагогтар, жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектері!

          Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерде білім беру сапасын жақсарту мақсатында білікті және жігерлі педагогтарды, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша үздік түлектерін Маңғыстау облысына жұмысқа шақырамыз.

          Маңғыстау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысымен бекітілген Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – арнайы бағдарлама)  педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға шақырамыз!

          Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндер бойынша жоғары педагогикалық, кәсіптік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"біліктілік санаттары бар Қазақстан Республикасының педагогтері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері қатыса алады. (гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес түлектері)

          Конкурстың негізгі қағидаттары тұрғылықты жеріне қарамастан барлық үміткерлер құқықтарының теңдігі, үміткерлер арасындағы адал бәсекелестік, өткізудің объективтілігі, ашықтығы, жариялылығы болып табылады.

Байқау мыналарды қамтиды:

1) Конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) құжаттарды қабылдау;

3) компьютерлік тестілеу және эссе;

4) әңгімелесу.

          Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жіберуі қажет: (Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасының қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

3) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектеріне арналған Білім туралы құжаттың көшірмесі немесе транскрипт (Transcript);

4) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;

5) фотосуреті бар түйіндеме;

6) педагогтерге арналған білімі мен біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

7) Электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі фотосурет;;

8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

9) қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіби жетістіктер мен жарияланымдар және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).

          Құжаттар m.kuzhatkabyldau@mangystau.gov.kz электронды мекенжайына жіберіледі.

          Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 16-26 маусым аралығында жүзеге асырылады.

          Конкурстық іріктеуден өткен және арнайы бағдарламаның қатысушысы болған педагогтерге, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар түлектеріне "педагогтердің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен есептелетін лауазымдық айлықақының 150% - ы мөлшерінде қосымша ақыны қамтитын қолдаудың ынталандыру шаралары пакеті ұсынылады.

Байланыс деректері:

Call-орталықтың телефоны: 8(7292)571216, 87477280290

Толық ақпарат қосымшада көрсетілген:

Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасы.

Бос орындар тізімі.

Толық мәліметті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады

https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/316767?lang=kk  

 

 

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларына

(Арнаулы бағдарлама)     

1-қосымша

Нысан

 

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту конкурсына қатысуға

өтініш

 

Мен, __________________________________________________________,

(педагогтің Т.А.Ә. (бар болса)

 

ЖСН________________________________________________________________

ЖОО атауы __________________________________________________________

Диплом бойынша мамандығы ___________________________________________

Оқыту тілі___________________________________________________________

Біліктілік санаты (бар болса)___________________________________________

Өңір________________________________________________________________

 

Мені 20 ____ жылы конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Жеке деректерді өңдеуге келісемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

3) Транскрипт (Transcript) (ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін);

4) ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты;

5) фотосуреті бар түйіндеме;

6) білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

7) электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;

9) қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіптік жетістіктері мен жарияланымдары және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).

 

20__ ж. «___» ________                                                      _____________________

                                                                                 (қолы)