«Тәрбие жұмыстарын жетілдіруде жобаларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті

«Тәрбие жұмыстарын жетілдіруде жобаларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні оқушылардың зияткерлік-рөлдік ойын, функционалдық сауаттылығын дамыту, бәсекеге қабілетті тұлғаны оқу-сауаттылығын табысты ету, білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлт және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында Маңғыстау ауданы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатында «Тәрбие жұмыстарын жетілдіруде жобаларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің мамандары, жалпы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен жоба жетекшілері («Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Домбыра-дастан», «Балалар және театр» жобалары) қатысты.

Семинар барысында Маңғыстау ауданының мұғалімдері өздері жетекшілік ететін жобалардың жұмыстарымен таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шараға ата-аналар да белсене араласып, мектептермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындарын көрсетті.

«Балалар және театр» жобасы аясында оқушылар қойылым қойып, қатысушылар үшін де рухани демалыс болды.